Jan 16, 2026
06 қазан 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты жаңа оқу маусымын кәсіби білім мен тәжірибені арттыруға бағытталған оқу бағдарламаларымен бастады. Биылғы жылы институт экономика, іс жүргізу, педагогика және психология бағыттары бойынша курстарды ұсынуда.
Алғашқы тыңдаушылардың қатарында Шығыс Қазақстан облысындағы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамы бар. Олар өздерінің кәсіби біліктілігін арттырып, заманауи білім беру үрдістеріне сәйкес жаңа тәжірибелер мен әдістемелерді меңгеріп жатыр.
Курстардың басты мақсаты – білім беру саласының сапасын арттыру, тыңдаушылардың кәсіби және басқарушылық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа құзыреттерді қалыптастыру. Бағдарламалар мазмұны теория мен практиканы ұштастыра отырып әзірленген және білім беру үдерісінің заманауи талаптарына толық сай келеді.
Институтта оқу үдерісі үздік оқытушылар мен тәжірибелі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылады. Курстардың нәтижесінде тыңдаушылар кәсіби дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге мүмкіндік алады.
Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты барлық мүдделі мамандарды кәсіби жетістіктің жаңа белестеріне бірге қадам басуға шақырады.