Blog details

Blog
  • user By Admin
  • calendar 28 қазан 2025
  • bookmark 0 Comments

Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің тыңдаушылары ҚазҰУ-да біліктілігін арттыруда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты өз тәжірибесін халықаралық деңгейде кеңейтуді жалғастыруда. Осы аптада институт қабырғасында Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы келіп, арнайы біліктілікті арттыру курстарына қатысуда.

          Курстардың басты мақсаты — кәсіби құзыреттілікті жетілдірумен қатар, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру. Бағдарлама аясында тыңдаушылар жасанды интеллект, цифрлық трансформация, экономика және басқару, педагогикалық инновациялар бағыттары бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға қатысуда.

          Сабақтар интерактивті форматта ұйымдастырылып, қатысушылар тәжірибе алмасуға, жаңа білім беру тәсілдерін игеруге және цифрлық шешімдерді оқу процесіне енгізуге мүмкіндік алуда. Университеттің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен танысқан өзбекстандық мамандар ҚазҰУ-дың білім сапасына жоғары баға берді. Мұндай өзара байланыстар екі ел арасындағы академиялық серіктестікті нығайтып қана қоймай, Орталық Азиядағы білім беру интеграциясын жаңа белеске шығарады.