Jan 16, 2026
13 қараша 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында Ташкент фармацевтика институтының тыңдаушылары үшін ұйымдастырылған биотехнология бағытындағы курстар өз жалғасын табуда.
Бағдарлама биологиялық жүйелерді зерттеудің заманауи әдістерін, сондай-ақ биотехнология саласында қолданылатын зертханалық және аналитикалық тәсілдерді меңгеруге бағытталған. Оқыту үдерісі теориялық түсіндірулер мен тәжірибелік жұмыстарды үйлестіре отырып ұйымдастырылуда.
Бүгінгі тәжірибелік сабақтарда тыңдаушылар:
биологиялық үлгілермен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін,
жасушалық құрылымдарды зерттеу әдістерін,
биотехнологиялық процестердің негізгі кезеңдерін,
зертханалық құрал-жабдықтарды қолдану техникасын меңгерді.
Практикалық бөлім қатысушылардың ғылыми талдау жүргізу қабілетін дамытып, алған білімдерін нақты зертханалық жағдайда қолдануға мүмкіндік берді. Оқыту барысында тыңдаушылар биотехнология саласының фармацевтикалық ғылыммен байланысын терең түсініп, кәсіби дағдыларын жетілдіре түсті.
Бұл курс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы академиялық байланысты нығайтуға және биология-биотехнология саласындағы мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.