Blog details

Blog
  • user By Admin
  • calendar 10 қараша 2025
  • bookmark 0 Comments

Ташкент фармацевтика институтының тыңдаушылары биология бағыты бойынша курстарын бастады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында Ташкент фармацевтика институтының тыңдаушылары үшін «Биология» бағыты бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды.

Бағдарлама биология ғылымының заманауи бағыттарын қамти отырып, тыңдаушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Сабақ барысында қатысушылар молекулалық биология, биотехнология және генетикалық талдау әдістерінің жаңа үлгілерін меңгеруде.

Курс аясында зертханалық тәжірибелер өткізіліп, биологиялық материалдармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері үйретілуде. Мұндай тәжірибелік сабақтар тыңдаушылардың кәсіби дағдыларын нығайтып, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл бастама Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың дамуына айқын үлес қосып отыр. Халықаралық әріптестік шеңберінде өткізіліп жатқан курстар екі елдің ғылыми әлеуетін арттыруға және мамандардың кәсіби өсуіне жол ашады.