Blog details

Blog
  • user By Admin
  • calendar 10 қараша 2025
  • bookmark 0 Comments

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тыңдаушылары арт-терапия курсын бастады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тыңдаушылары үшін «Психодиагностикада және психологиялық кеңес берудегі арт-терапия» атты курс өз жұмысын бастады.

Бағдарлама психология саласындағы мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге және арт-терапия әдістерін тәжірибеде қолдану мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Курстың негізгі мақсаты — қатысушылардың психологиялық кеңес беру, эмоциялық реттеу және тұлғааралық қарым-қатынаста тиімді әдістерді меңгеруін қамтамасыз ету.

Практикалық сабақтар барысында тыңдаушылар сурет, музыка және түстер арқылы арт-терапиялық әдістерді тәжірибеден өткізуде. Сондай-ақ психологиялық диагностика жүргізу және арт-терапияны қолданудағы этикалық аспектілер қарастырылуда.

Курс интерактивті форматта өтіп, қатысушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға және кәсіби тәжірибесін кеңейтуге бағытталған. Мұндай бағдарламалар болашақ психологтардың кәсіби мәдениетін дамытуға және заманауи білім беру ортасына бейімделуіне зор мүмкіндік береді.