Jan 16, 2026
31 қазан 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында тыңдаушыларға арналған қаржылық және құқықтық сауаттылық курстары басталып, сәтті жалғасуда. Бағдарламаның басты мақсаты – тыңдаушылардың экономикалық және құқықтық мәдениетін арттыру, сонымен қатар заманауи қоғам жағдайында өз құқықтары мен қаржысын сауатты басқаруға мүмкіндік беру.
Курс барысында қатысушылар:
құқықтық нормаларды дұрыс қолдану;
қаржы ресурстарын тиімді жоспарлау мен басқару;
құқықтық құжаттармен және нормативтік базамен жұмыс жасау;
заманауи экономикалық үрдістерді талдау және түсіну сияқты бағыттарда тәжірибелік білім алуда.
Сабақтар тәжірибелі заңгерлер мен экономист мамандардың қатысуымен өткізіліп, нақты мысалдар мен өмірлік жағдайлар негізінде түсіндіріледі. Бұл тәсіл тыңдаушыларға теориялық біліммен қатар практикалық дағдыны да қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Курс барысында қатысушылар қаржылық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау, инвестициялау негіздері, сондай-ақ азаматтық-құқықтық қатынастардағы жауапкершілік мәселелері бойынша өзекті ақпаратпен танысады. Сонымен қатар, цифрлық экономика жағдайында жеке тұлғаның құқықтық қорғалуы және қаржылық шешім қабылдау кезінде туындайтын тәуекелдерді төмендету жолдары да қарастырылады.
Біліктілікті арттыру институты осындай курстар арқылы заманауи кәсіби және әлеуметтік ортада азаматтардың сауатты, жауапты әрі қауіпсіз әрекет етуіне ықпал етуді мақсат етеді. Курстар офлайн және онлайн форматтарда ұйымдастырылып, тыңдаушылардың ыңғайына қарай бейімделген.