Blog details

Blog
  • user By Admin
  • calendar 31 қазан 2025
  • bookmark 0 Comments

Педагогика бағыты бойынша курстар басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында педагогика бағыты бойынша курстар өз бастауын алды. Бұл бағдарлама заманауи педагогикалық әдістемелерді меңгеріп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

Курстың алғашқы тыңдаушылары қатарында Ажинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының (НГПИ) және Шәкәрім университетінің профессор-оқытушылары бар. Олар заманауи білім беру үрдісін жетілдіру, инновациялық технологияларды тиімді енгізу және оқыту сапасын жақсарту бойынша терең білім мен тәжірибе алуда.

Бағдарлама аясында педагогтар келесі бағыттар бойынша дайындықтан өтеді:

  • қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогикалық инновациялар мен заманауи әдістер;

  • білім алушылардың креативті және сыни ойлау қабілетін дамыту;

  • цифрлық құралдар мен интерактивті әдістерді сабақта қолдану;

  • білім беру сапасын бағалау және тиімді кері байланыс орнату.

Курстар тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен өткізіліп, практикалық тапсырмалар мен тренингтер арқылы жүзеге асуда.
Оқыту офлайн және онлайн форматтарда ұйымдастырылған, бұл тыңдаушыларға ыңғайлы жағдай туғызады.