Blog details

Blog
  • user By Admin
  • calendar 05 қараша 2025
  • bookmark 0 Comments

Нүкіс мемлекеттік университетінің тыңдаушылары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде біліктілігін арттыруда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында Нүкіс мемлекеттік университетінің тыңдаушыларына арналған курстар өз бастауын алды. Бағдарламаның басты мақсаты – кәсіби мамандардың біліктілігін арттыру, жаңа білім беру технологияларын меңгеру және педагогикалық үдерісті заманауи талаптарға сай дамыту.

Курстар барысында тыңдаушылар оқу процесін жетілдіруге бағытталған интерактивті дәрістерге, семинарларға және практикалық сабақтарға қатысуда. Сабақтар тәжірибелі оқытушылар мен сала мамандарының жетекшілігімен ұйымдастырылған. Бағдарлама заманауи педагогикалық әдістемелерді, цифрлық технологияларды тиімді пайдалануды және кәсіби дағдыларды қалыптастыруды қамтиды.

Оқыту процесі офлайн және онлайн форматтарда қатар өткізілуде. Бұл тәсіл тыңдаушыларға ыңғайлы оқу кестесін сақтай отырып, теория мен тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік береді. Курстың мазмұны білім алушылардың кәсіби даму деңгейін арттыруға және заманауи еңбек нарығының сұраныстарына бейімделуге бағытталған.

Нүкіс мемлекеттік университетінің мамандарының қатысуы – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың айқын көрінісі. Мұндай халықаралық серіктестік тәжірибе алмасу мен кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашып, аймақтық академиялық интеграцияны дамытуға өз үлесін қосуда.