Jan 16, 2026
01 қазан 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты өз қызметін жаңа онлайн форматта ұсынуда.
Жаңа сайтта институттың негізгі қызмет бағыттары, оқу бағдарламалары, жаңалықтар мен хабарландырулар, сондай-ақ оқытушылар мен тыңдаушыларға арналған пайдалы ақпараттар топтастырылған.
Сайттың басты мақсаты — кәсіби даму мен үздіксіз білім беруді қолжетімді ету. Пайдаланушылар мұнда курстар мен тренингтер туралы мәлімет алып, тіркелу және оқу процесіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Сайт құрылымы заманауи талаптарға сай әзірленіп, ақпараттарды жылдам және ыңғайлы табуға мүмкіндік береді.
ipk.kaznu.edu.kz — кәсіби өсу мен білім алудың жаңа кеңістігі.