Jan 16, 2026
07 қазан 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты заманауи технологияларға бағытталған жаңа оқу жобасын іске қосты. Институт жасанды интеллект (ЖИ) саласы бойынша онлайн форматта курстарды бастады.
Бұл бастама Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Цифрлық Қазақстан» саясаты мен елдің ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыру жөніндегі стратегиялық тапсырмаларына сәйкес жүзеге асып отыр. Мемлекет басшысы өз Жолдауында білім мен технологияның тоғысында жаңа буын мамандарды даярлау қажеттігін атап өткен болатын. Осы бағытта ИПК ҚазҰУ нақты қадам жасап, жасанды интеллектті меңгерудің қолжетімді және сапалы моделін ұсынды.
Курс бағдарламасы заманауи машиналық оқыту, деректерді талдау, алгоритмдер және нейрожелілердің негіздерін қамтиды. Тыңдаушылар теориялық біліммен қатар, практикалық тапсырмалар арқылы нақты мысалдармен жұмыс істеп, өз кәсіби қызметінде қолдануға мүмкіндік алады.
Жобаның басты мақсаты — еліміздің білім беру және ғылыми қауымдастығы арасында цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллектті қолдану мәдениетін кеңейту. Курстардың онлайн форматта өткізілуі өңірлердегі мамандарға да қолжетімді білім алуға жол ашады.
Институт бұл бағытты стратегиялық даму векторы ретінде айқындап, алдағы уақытта IT, деректер журналистикасы, киберқауіпсіздік және big data сияқты бағыттар бойынша да бағдарламаларды іске қосуды жоспарлап отыр.