Blog details

Blog
  • user By Admin
  • calendar 07 қараша 2025
  • bookmark 0 Comments

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллект негіздерін меңгеруде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлеріне арналған жасанды интеллект, мобилография және компьютерлік сауаттылық бағыттары бойынша курстар жалғасуда.

Бағдарламаның басты мақсаты – заманауи цифрлық технологияларды меңгеру арқылы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және олардың жұмыс тиімділігін жаңа деңгейге көтеру. Курстар аясында тыңдаушылар ChatGPT сияқты жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеуді, мәтінмен жұмыс істеудің жаңа әдістерін, сондай-ақ бейне және фото контент дайындаудың тиімді тәсілдерін үйренуде.

Мобилография бағыты бойынша қатысушылар смартфон арқылы бейнероликтер түсіру, монтаж жасау және әлеуметтік желілерге бейімделген контент әзірлеу тәжірибесін игерді. Сонымен қатар, курс бағдарламасында цифрлық қауіпсіздік пен кибергигиена мәселелеріне де ерекше назар аударылды — тыңдаушылар дербес деректерді қорғау, интернет алаяқтықтан сақтану және сенімді онлайн құралдарды пайдалану тәсілдерімен танысты.

Біліктілікті арттыру институтының мамандары атап өткендей, бұл курстар тек кәсіби дамуға ғана емес, сонымен қатар егде жастағы азаматтарға цифрлық технологияларды үйрету арқылы әлеуметтік бейімделуге де ықпал етеді.