Jan 16, 2026
12 қараша 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты ұйымдастырған курстар аясында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері үшін мобильдік журналистика және цифрлық сауаттылық бағытында тәжірибелік сабақ өтті.
Бүгінгі сабақ смартфон камерасының сапасын арттыру және бейне түсірудің кәсіби тәсілдеріне арналды. Тыңдаушылар мобильді құрылғылардың камера параметрлерімен жұмыс істеуді, жарық пен бұрышты дұрыс таңдаудың ерекшеліктерін, сондай-ақ бейне сапасына әсер ететін дыбыс пен фонды реттеу әдістерін меңгерді.
Практикалық бөлім барысында қатысушылар өз құрылғыларында қысқа бейнежазбалар түсіріп, олардың сапасын талдап, әлеуметтік желілер мен ресми платформаларға арналған медиаконтентті кәсіби деңгейде дайындау жолдарын үйренді.
Институт мамандары атап өткендей, мұндай сабақтар орталық қызметкерлерінің қоғаммен тиімді коммуникация орнату, ақпаратты заманауи визуалды форматта ұсыну және аға буынмен өзара әрекеттесуді жаңа деңгейге көтеру дағдыларын дамытады.
Курс аясындағы сабақтар алдағы уақытта да жалғасады. Тыңдаушылар цифрлық технологияларды қолданудың жаңа әдістерін меңгеріп, жасанды интеллект құралдарын өз қызметінде тиімді пайдалануға мүмкіндік алады.