Blog details

Blog
  • user By Admin
  • calendar 29 қазан 2025
  • bookmark 0 Comments

Белсенді ұзақ өмір орталығы қызметкерлеріне цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект бойынша курс ұйымдастырылды

Біліктілікті арттыру институты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлеріне арналған цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект негіздері бойынша арнайы курс ұйымдастырды. Оқыту барысында орталық мамандары қазіргі заманғы цифрлық технологияларды өз жұмысында тиімді пайдалануға қажетті білім мен тәжірибелік дағдылар алды.

Бағдарлама аясында тыңдаушылар жасанды интеллекттің қазіргі әлемдегі маңыздылығын талдап, киберқауіпсіздік негіздерімен танысты. Оқытушылар интернет кеңістігінде жеке деректерді қорғау және кибергигиена ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Сонымен қатар, курс барысында ChatGPT жасанды интеллект технологиясына негізделген тілдік модельмен жұмыс істеу бойынша практикалық бөлім өткізілді. Орталық қызметкерлері ChatGPT құралын ақпарат алу және мәтін құрастыру мақсатында тиімді пайдалануды үйренді. Бұл құралды меңгеру оларға орталыққа келушілерге ақпараттық қолдау көрсету мен ішкі жұмыс үдерістерін оңтайландыруға көмектеседі.

Курстың тағы бір бөлігі смартфон арқылы бейнемонтаж жасаудың негізгі әдістерін меңгеруге арналды. Тыңдаушыларға мобильді құрылғыларда тікелей бейнероликтер құру және өңдеу жолдары көрсетілді. Бұл оларға орталықтың іс-шараларында тартымды медиаматериалдар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, курста жасанды интеллект көмегімен видео генерациялау бойынша заманауи әдістер таныстырылды. Тыңдаушылар мәтін немесе кескін негізінде автоматты түрде бейнеролик жасауға мүмкіндік беретін жаңа құралдармен жұмыс істеуді үйренді. Бұл олардың оқу-ағарту және ақпараттық материалдарды дайындау мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Осы кешенді курс Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қызметкерлерінің жұмысына жаңа цифрлық шешімдерді тиімді енгізуге септігін тигізеді деп күтілуде. Цифрлық сауаттылықты арттырып, жасанды интеллект технологияларын игеру орталық мамандарына аға буын өкілдеріне көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.