Blog details

Blog
  • user By Admin
  • calendar 09 қаңтар 2026
  • bookmark 0 Comments

Әлеуметтік серіктестік жалғасуда: аға буынға арналған мобилография курсы басталады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру институты мен «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ арасындағы ынтымақтастық аясында оқу процесі қайта жанданды. Білім беру бағдарламасының кезекті кезеңі 14 қаңтардан бастап «Мобилография» курсымен жалғасын табады.
Аға буын өкілдерінің цифрлық сауаттылығын арттыруды көздейтін бұл бастама қатысушыларға заманауи гаджеттердің мүмкіндіктерін толық игеруге жол ашады. Курс бағдарламасы смартфон камерасымен жұмыс істеу, композиция ережелерін сақтау және әлеуметтік желілерге арналған сапалы медиа-контент дайындау дағдыларын қамтиды. Тәжірибелік сабақтар барысында тыңдаушылар теориялық білімдерін шынайы түсірілім алаңында бекітіп, заманауи визуалды коммуникация құралдарын меңгереді.
Әлеуметтік маңызы бар мұндай жобалар қоғамның ересек мүшелерін цифрлық ортаға бейімдеуге және олардың шығармашылық белсенділігін арттыруға елеулі үлес қосады.