Jan 16, 2026
03 қазан 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты мен Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің бірлескен ынтымақтастығы аясында энергетикалық инженерия бағыты бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды.
Бағдарлама аясында тыңдаушылар заманауи энергия жүйелерін жобалау, басқару және тиімді пайдалану әдістерімен танысып, тәжірибелік сабақтарға қатысуда.
Физика-техникалық факультет базасында «Электрмен жабдықтау жүйелерін жобалаудың заманауи стандарттары мен әдістері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің «Энергетикалық инженерия» кафедрасының оқытушысы Отепбергенов Шукиралла жүргізді.
Сабақ барысында электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау және пайдалану саласындағы қазіргі ГОСТ және СНиП талаптары, инженерлік графиканың ерекшеліктері, сонымен қатар энергетикалық нысандарды цифрлық модельдеу тәсілдері қарастырылды.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, тыңдаушылар өз сұрақтарын қойып, нақты инженерлік міндеттерді талқылап, тәжірибелік кеңестер алды.